2 кардиология бөлімі Алматы қаласы Қалалық кардиология орталығы базасында орналасқан.

Бөлім меңгерущісі - бірінші санатты дәрігер, медицина ғылымының кандидаты, Алматы қаласы штаттан тыс бас кардиологы Абенова Алия Тураровна

Бөлімше дәрігерлері:
  • Опабекова Меруерт Оразалиевна – екінші санатты дәрігер- кардиолог
  • Аубакирова Ботакоз Калеловна – бірінші санатты дәрігер- кардиолог
  • Сембаева Жулдыз Алтайбековна – екінші санатты дәрігер- кардиолог
  • Абуова Данара Карсыбековна – екінші санатты дәрігер- кардиолог
  • Омарова Жанар Исламбековна- – екінші санатты дәрігер- кардиолог
  • Тулегенова Бибигул Гуламкадировна бірінші санатты дәрігер- кардиолог

Қазіргі уақытта бөлімше 40 орынға арналған.

Бөлімше жүрек-қан тамыры жүйесі ауруларының жіті фазасындағы ересектерге диагностика жасап, емдеумен мамандандырылған. Науқастарды тексеру мен емдеудің кең спектріне ие, заманауи жабдықтармен жабдықталған. Бөлімде бір-, екі- және төрт орынды барлық жағдай жасалған ыңғайлы палаталар бар. 2015 жылы күрделі жөндеу жұмыстары жасалынып, сейсмологиялық тұрақтылығы күшейтілді. Субинтенсивті палаталарға оттегі берілді.

Пациенттерді емдеу Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау, Кардиологтардың Еуропалық қоғамы, Кардиологтардың Америкалық ассосациясының емдеу және диагностикасы хатамаларына сай жүргізіледі.

Бөлімше фойесінде науқастарға өз аурулары туралы мәліметтер беретін көрнекі құралдар (стендтер, ақпараттық плакаттар) орналастырылған. Күніне 1 рет салауатты өмір салтын насихаттайтын бейнеролик көрсетіледі. Сонымен қатар бөлімде медицина қызметкерлерінің жұмыс істеуіне барлық жағдай жасалған (ыңғайлы пост, қызметкерлерге арналған душ, орта және кіші медицина қызметкерлеріне арналған демалыс бөлмесі, тәулігіне 24 сағат интернет желісі қосылған ыңғайлы ординатор бөлмесі).

Бөлімше дәрігерлері м.ғ.д., профессор Б.С.Искаков жетекшілік ететін С.Д.Асфендияров атындағы №2 ішкі аурулар кафедрасы және профессор К.М.Тұрланов жетекшілік ететін Асфендияров атд. ҚазҰМУ жедел және шұғыл медициналық көмек кафедрасымен тығыз байланыста жұмыс жасайды, бөлімшегеге доценттер Г.Б. Ползик және М. А. Нұрмакова жетекшілік етеді.

Кафедра қызметкерлерімен бірге бөлімде ауыр науқастарға қатысты консилиумдар, консультация, курация өтіп тұрады, сонымен қатар бөлім дәрігерлері республикалық және халықаралық ғылыми журналдарға мақалалар жариялап тұрады.

Бөлім дәрігерлері Қазақстандық және Еуропалық кардиологтар қоғамының мүшесі болып табылады, өз жұмыстарында қазіргі заманғы кардиологтардың ғылыми жетістіктерін пайдаланады. Сонымен қатар дәрігерлер әлем клиникаларында өз білімдерін жетілдіреді (Ресей, Оңтүстік Корея), шетел мамандары өткізген шеберлік сағаттарына қатысады.

Өз жұмыстарымен қатар 2-кардиология бөлімшесінің дәрігерлері Алматы қ. тұрғындарына консультативтік көмек көрсетеді, Ашық есік күндеріне белсене қатысып, терапевт және кардиолог дәрігерлерге әдістемелік және консультативтік көмек көрсетеді.

Орта және кіші медицина қызметкерлерінің шұғыл кардиология бойынша тәжірибелері мол. Бөлімшенің аға мейіргері - тәжірибесі мол, жоғары біліктілік санаты бар Достанова Бибігүл Суанбекқызы.