Қалалық кардиологиялық орталық Алматы қаласындағы ең көне клиника – ЖМКА базасында құрылды.

ЖМКА Жетісу уездінің Верный қаласында 1896 жылы Қызыл Крест Қоғамының 15 орындық ауруханасы ретінде құрылған. Кейінгі жылдары аурухана өзінің атауын өзгертті:

  1. 1922-1924 жж. – Денсаулық сақтау саласы Жетісу облыстық бөлімінің Алматы уездік-қалалық ауруханасы
  2. 1924-1927 жж. – Денсаулық сақтау саласы Жетісу губерниялық бөлімінің Алматы қалалық ауруханасы
  3. 1927-1947 жж. – Денсаулық сақтау саласы Алматы бөлімінің қалалық ауруханасы
  4. 1947-1975 жж. – Денсаулық сақтау саласы Алматы бөлімінің №1 қалалық бірлескен клиникалық ауруханасы
  5. 1975 ж. 22 желтоқсанынан бастап – қалалық клиникалық жедел медициналық көмек ауруханасы.
  6. 1992ж. қаңтарынан бастап алқаның 24.10.1991 ж. №69 шешімі негізінде және Қалалық денсаулық сақтау басқармасының 23.12.1991ж. №739 «Қалалық клиникалық жедел медициналық көмек ауруханасын қайта құру туралы» бұйрығы бойынша мекеме: қалалық клиникалық жедел медициналық көмек ауруханасы және жедел медициналық көмек станциясы болып өз бетінше екі мекемеге бөлінді.

 

2007 жылдың 1 қаңтарында Алматы қ. Денсаулық сақтау Департаментінің №781 бұйрығымен Қалалық кардиологиялық орталық құрылды. 2007 жылдың 1 қаңтарынан 2013 жылдың 30 қаңтарына дейін орталықты жоғары санатты дәрігер Тұрдалин Нұрлан Бостыбайұлы басқарды.

2013 жылдың 7 наурызынан бастап ҚКО директоры жоғары санатты дәрігер Қодасбаев Алмат Тұрысбекұлы

Қалалық кардиологиялық орталық (ҚКО) Алматы қаласы тұрғындарына шұғыл кардиологиялық, оның ішінде шұғыл жоғары маманданған кардиохирургиялық көмек көрсетеді. ҚР және Алматы қ. тұрғындарына кардиохирургиялық көмек көрсетуді қарқынды дамытудың Мемлекеттік бағдарламасы диагностика жасау мен емдеудің негізгі заманауи шұғыл терапиялық және интервенциялық әдістерінің, сонымен қатар шұғыл жоғары технологиялық инвазивті көмектің барлық негізі түрлерінің (эндоваскулярлық, аритмологиялық, хирургиялық) көлемін және қолжетімділігінің ұлғаюына ықпал етті.

Алматы қаласындағы ҚКО 24/7 (тәулік бойы / аптасына 7 күн) режимімен жұмыс істейтін екі ангиографиялық қондырғы және кардиохирургиялық бөлімде тәулік бойы шұғыл жоғары маманданған кардиохирургиялық көмек көрсететін 1 ота жасау бөлмесі ашылған.

Орталықтың міндеті: жоғары медициналық технологияны, кәсіби шеберлікті, қамқорлық пен қайырымдылықты пайдалана отырып, жүрек-қан тамыр ауруларымен ауыратын пациенттердің өмірінің ұзақтығы мен сапасын арттыру.

 

Негізгі құндылықтары:

  • Үнемі жетілдіруге және оны таратуға ұмтылдатын интеллектуалды әлеует;
  • Пациентті тұлға ретінде және оның беделін құрметтеу;
  • Мейірімділік – әрқашан әрбір пацентке көмек беруді шын көңілімен қалау;
  • Кәсби шеберлік – үнемі даму және оқу негізінде пациент пен ұжымның игілігі үшін жоғары нәтижеге қол жеткізу барысында өздерінің барлық үздік білімдерін, мүмкіндіктері мен тәжірибесін бағыттау;
  • Алқалық – жауапкершілік паритеті мен жұмыс көлемі негізіндегі сенім мен серіктестік;
  • Ашықтық – жеке және ұжымдық әрекеттерде адалдық пен әділеттілік принциптерін сақтау.

Кардиоорталықтың құрылысы: Алматы қ. ҚКО 315 төсекке арналған, оның ішінде: кардиологиялық бейінді – 290 төсек, кардиохирургиялық бейінді - 25 төсек.

Кадрлық құрамы: 144 дәрігер (8 медицина ғылымының кандидаты, 9 – денсаулық сақтау саласының үздігі), 289 мейірбике, 211 кіші медицина қызметкерлері.

Жоғары санатты дәрігерлер - 19 , бірінші санатты дәрігерлер - 14. ҚКО алты қызметкері 2011 жылдан бері кардиологтардың Ресейлік және Еуропалық қоғамының мүшесі. Екі қызметкер 2012 жылдан бастап кардиохирургтардың Еуропалық қоғамының мүшесі болып табылады. 2012 жылдан бері ҚКО барлық қызметкерлері кардиологтардың Қазақ және Еуропалық қоғамының мүшесі болып табылады.

Кардиоорталық С.Д.Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық медициналық университеті бойынша бес кафедраның клиникалық базасы болып табылады. Қалалық калиоорталықтың 8 профессоры, 10 доценті, 12 медицина ғылымының кандидаты емдеу-кеңес беру көмегін көрсетеді.

 

Базалық кафедралары:

  • ҚазҰМУ № 3 ішкі аурулар кафедрасы– (кафедра меңгерушісі – ҚР ғылымының еңбек сіңірген қайраткері, Қазақ білім академиясының корреспондент мүшесі, профессор, м.ғ.д. М.И. Даулетбақова, 3 профессор –Р.И. Семенова, Г.С. Зиманова, Б.С. Искаков, 3 доцент –Р.К. Альмухамбетова, С.Г. Енокян, Ш.Б. Жангелова, 3 ассистент) 1, 3, 4, 5-кардиологиялық бөлімдерге жетекшілік етеді.
  • ҚазҰМУ жедел және шұғыл медициналық көмек кафедрасы (кафедра меңгерушісі – м.ғ.д. профессор Қ.М. Тұрланов, 2 доцент – М.А. Нұрмақова, М.К. Әлмұхамбетов) 6-кардиология бөліміне, қабылдау бөліміне жетекшілік етеді.
  • ҚазҰМУ терапия бойынша дипломнан кейінгі дайындық кафедрасы (кафедра меңгерушісі – м.ғ.д. профессор Д.С. Полимбетов, 3 доцент – Г.Б. Ползик, Д.А. Қапсұлтанова, А.Д. Сембаева, 1 ассистент) –2-кардиологиялық бөлімге жетекшілік етеді.
  • ҚазҰМУ № 2 ішкі аурулар кафедрасы – кафедра меңгерушісі – профессор, м.ғ.д. Н.Е. Айдарғалиева, 1 доцент –В.В. Жданов, 2 ассистент 4-кардиологиялық бөлімге жетекшілік етеді.
  • ҚазҰМУ ҒБО кардиохирургия бөлімі проф. Т.Ж. Егембердиев кардиохирургиялық бөлім жұмысына жетекшілік етеді.