Денсаулық сақтау саласы қызметкерлерін қала Әкімі Ахметжан Есімов құттықтады. Үздік дәрігерлер марапаттарға ие болды: биылғы жылы, негізгі төрт номинациядан бөлек, тағы бір жаңа номинация – «Жыл жаңалығы» бекітілді. Осындай қиын да жауапты мамандықта бұған кім лайықты болғанын Юлия Яскевич айтады. Ақ халаттардың орнын бүгін ерекше әдемі киімдер ауыстырған. Бірақ бұл бір ғана салтанатты кешке арналған, ертең – қайтадан жауапты жұмыстарына кіріседі.

Денсаулық сақтау саласы қызметкерлерін қала Әкімі Ахметжан Есімов құттықтады. Үздік дәрігерлер марапаттарға ие болды: биылғы жылы, негізгі төрт номинациядан бөлек, тағы бір жаңа номинация – «Жыл жаңалығы» бекітілді. Осындай қиын да жауапты мамандықта бұған кім лайықты болғанын Юлия Яскевич айтады.
Ақ халаттардың орнын бүгін ерекше әдемі киімдер ауыстырған. Бірақ бұл бір ғана салтанатты кешке арналған, ертең – қайтадан жауапты жұмыстарына кіріседі. Ең маңызды мамандық иелерін мерекелерімен қала әкімі Ахметжан Есімов құттықтады.

АХМЕТЖАН ЕСІМОВ, АЛМАТЫ ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМІ:
- Құрметті медицина қызметкерлері, бүгін осы залда біздің қаламыздың 30 мың медицина ұжымы қызметкерлерінің үздік өкілдері отыр. Сіздерді кәсіби мерекелеріңізбен құттықтауға және сіздердің жанкешті еңбектеріңізге шынайы алғысымды білдіруге рұқсат етіңіздер.

Концерттік бағдарлама медицина қызметкерлерінің және қазақстандық эстрада жұлдыздарының күшімен ұйымдастырылды. Алғаш рет осы мерекеде дәрігерлерге арналып арнайы жазылған гимн орындалды. Оны әнші Мәдина Садуақасова және №7қалалық аурухананың бас дәрігері Болатбек Беймаханов орындады.

Осы жылдан бастап енген жаңа арнайы номинация - «Жыл жаңалығы» болды . Марапатқа №4 қалалық ауруханасының жіті жарақат бөлімінің меңгерушісі Мейрамбек Жұмағұлов ие болды. Әрбір пациент мен үшін - ерекше, дейді дәрігер.

МЕЙРАМБЕК ЖҰМАҒҰЛОВ, №4 қалалық ауруханасының бөлім меңгерушісі:
- Кез келген операцияға мен өзім дайындаламын. Ол жеңіл ме, күрделі ме, маңызды емес. Әрбір науқас – мен үшін ерекше. Әрбір операцияның табысты орындалуы тиіс.

Алматылықтардың денсаулығы үшін бүгінгі күні 30 мыңға жуық дәрігер жауап береді. Қазір жаңа клиникалар мен ауруханалар салынып жатыр. Сондықтан қала әрқашан да Гиппократ антын мінсіз орындайтын қызметкерлерге зәру болмақ.



Инновациялық технологияларды меңгеру