Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Мемлекеттік санитарлық –эпидемиологиялық бақылау комитеті 21жасқа толмаған тұлғаларға энергетикалық сусындарды сатуға тыйым салуды ұсынып отыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Елімізде энергетикалық сусынды шамадан тыс қолданудың денсаулыққа кері әсер ететіндігі туралы бүгінгі күні қызу талқыланып жатқаны комитетте айтылды. Министрлік осы тақырыпта сарапшылардың және бизнес-қоғамдастықтарының қатысуымен "дөңгелек үстел" өткізуді жоспарлап отыр.

Сонымен қатар, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ВОЗ) ұсынысы бойынша, тұтынушыларға, әсіресе балаларға энергетикалық сусындар макетингінің жағымсыз әсерін қысқарту мақсатында комитет жуық арада кейбір мәселелер бойынша заңнамалық актілерге өзгерістер енгізуді жоспарлауда.



Қодасбаев Алмат Тұрысбекұлы