Әлемдік кардиохирургия қайраткері Тереза Кайзер Алматы қалалық кардиологиялық орталықтың операция бөлмесінде шеберлік сағатын өткізді. Канадалық профессордың пышағына түсу коронарлық қан айналымы бұзылған әйелге бұйырды.

Операция жасанды қан айналымы аппаратын қоспай, соғып тұрған жүрекке жасалды. Профессорға қалалық кардиоорталық хирургтері ассистент болды. Екі шунттау жасалды, операциядан кейінгі кезең – көз тимесін – сәтті өтті. 30 жылдық хирургиялық тәжірибесінде Тереза Кайзер науқастың тірі қалуы 98% жететін, жұмыс істеп тұрған жүрекке күрделілік дәрежесі жоғары он мыңнан аса кардиологиялық операцияларды жасаған. Алматыдағы кардиохирургияның даму деңгейіне Кайзер ханым таңданысын жасырмады – бұл күнгі сапарына дейін ол, Қазақстандағы жүрекке операция жасау дамудың бастапқы кезеңінде шығар деп ойлапты. Алайда Алматы қалалық кардиология орталығының хирургтері коронарлық қан ағынының бұзылуында шунттау және стентирлеу операцияларын 2009 жылдан бері жасап келеді. Әдетте хирургиялық араласу шұғыл жағдайларда – миокард инфарктiлерiнде орындалады. Кардиохирургиялық бөлімнің меңгерушісі, медицина ғылымының кандидаты Әділ Айтмұханов былай дейді: «Хирургиялық араласудың әрбір түрі үшін оның өзінің көрсеткіші бар, бірақ консервативті тактикаға қарағанда операция жасалған науқастардың өлімі бес есе төмен. Бөлімде стентирлеудің 3 500 операциясы және мыңға жуық шунттау жасалды, сонымен қатар мұнда жүре пайда болған және туа біткен жүрек ақауларына операциялар (протездеу және жүрек қақпақшаларының пластикасы) және электрокардиостимуляторлар имплантациясы жасалады.

ТМД елдерінде ресми түрде жаңа технологиялар көмегімен тұңғыш рет жүрегі ауыратын науқастар үшін Алматы қаласында күзде жасалды. Былтырғы жылдан бері бүгінгі күнге дейін Қалалық кардиологиялық орталықта 3200 аса адамның жүрегі тексерілді.