2014 жылы 5 шілдеде Мирано клиникасынан келген итальяндық интервенциялық кардиолога Бернард Реймерстің қатысуымен «Коронарлық артерияның кальцийленген зақымдануы кезінде ротоблаторды қолдану» тақырыбында шеберлік сағаты өтті. Күнделікті коронарография жүргізу кезінде біз коронарлық тамырлардың кальцийленген зақымдануын кездестіреміз, емдеу барысында реваскуляризация әдісін, яғни АКШ немесе стенттеу жүргізу қиындайды.

Ротоблатор – бұл портативті қондырғы, мұнда алмас басты ұшы бар катетерлер біріктірілген. Бұл әдіс коронарлық өткізгішті жүргізу әдісіне ұқсас, бірақ қосылған алмас ұштығы бар қондырғының көмегімен тамырлардың кальцийленген бөлігі арқылы өтіп, ең кіші мөлшерге (микрон) дейін қысқартады, бұл дисталды арна эмболизациясынан қосымша қорғанысты талап етпейді. Бұл әдіс өзекті, себебі кальциноз кезінде коронарлық тамырға аспапты енгізу өте қиын, соның ішінде ТКА жүргізу кезінде негізгі болып табылатын стент. Негізгі көрсетілімдері: созылмалы окклюзия, коронарлық артерия кальцинозы.