15.09.2014 ж. ҚКО-та доктор Яманэ Масахистің қатысуымен Қазақстанда тұңғыш рет жүрекке жасалған эндоваскулярлық отаның жаңа түрі - ротаблатормен атеросклероздық түйіндерді алып тастау клиникалық практикаға енгізілді. Ротаблатор – жоғары жылдамдықты алмас «мини-бұрғының» көмегімен атеросклероздық түйіндерді механикалық бұзуға арналған аппарат. Алмас жалатқан жіңішке бұрғы (диаметрі 1,25 – 2,0мм) минутына 140-200 мың айналым жасайтын жылдамдықпен жүрек ... 1. 15.09.2014 ж. ҚКО-та доктор Яманэ Масахистің қатысуымен Қазақстанда тұңғыш рет жүрекке жасалған эндоваскулярлық отаның жаңа түрі - ротаблатормен атеросклероздық түйіндерді алып тастау клиникалық практикаға енгізілді.

Ротаблатор – жоғары жылдамдықты алмас «мини-бұрғының» көмегімен атеросклероздық түйіндерді механикалық бұзуға арналған аппарат. Алмас жалатқан жіңішке бұрғы (диаметрі 1,25 – 2,0мм) минутына 140-200 мың айналым жасайтын жылдамдықпен жүрек тамырының ішінде айнала отырып, түйіндерді қан тогымен жуылатын ұсақ бөлшектерге айналдырады (өлшемі эритроциттерден кіші – қызыл қанды денелер). Ротациялық атерэктомия үшін негізгі көрсеткіштері: жүрек тамырларының ауыр зақымдануы (кальцинирленген стеноздар), мұнда қарапайым стентирлеу тиімсіз.

2014 жылғы шілдеден қыркүйекке дейін ротаблаторды пайдалана отырып 4 ота жасалды. Соның ішінде 2 пациент бұдан бұрын бірнеше рет республикалық орталықтарда сәтсіз емделген: 1. Сарсек Г.С., 66 жаста, Атырау қ. тұрғыны. Астана қ. Ұлттық ғылыми кардиохирургиялық орталықта оң жақ коронарлық артерияға стент жасауға екі рет талпынған (7 қазан 2013 жыл және 3 маусым 2014 жыл), екеуі де сәтсіз. Алматы қ. Қалалық кардиологиялық орталыққа жолданған, мұнда 2014 жылғы 4 шілдеде жасалған ротаблация және стентирлеу сәтті өтті.
2. Тургунбаев Т., 58 жаста, Шу қ. тұрғыны. Алматы қ. Кардиология және ішкі аурулар ҒЗИ-да стент жасауға екі рет талпынған (2013ж. қыркүйек), сәтсіз. Алматы қ. Қалалық кардиологиялық орталыққа жолданған, мұнда 16 қыркүйекте жасалған ротаблация және стентирлеу сәтті өтті.

Қалалық кардиологиялық орталықтың интервенциялық кардиологтары осындай күрделі ота жасауды енгізу дайындығының барлық кезеңдерінен өтті: 1. Ротаблатор жұмысын көрсеткен халықаралық конгрестерге белсенді қатысу (Франция, Италия, АҚШ, Сингапур, 2012-2014 жылдар);
2. Еуропа клиникаларындағы оқу циклы (Италия, қыркүйек 2013 жыл; Греция, маусым 2014 жыл);
3. Шеберлік сыныбын өткізу үшін шетелдік маманның келуі (проф. Бернард Раймерс, Мирано, Италия) (4-5 шілде 2014 жыл, ҚКО, Алматы қ.);
4. Бірлескен жұмыстарды жүргізу үшін шетелдік маманның келуі (проф. Николаос Мезилис, Салоники, Греция) (15-16 қыркүйек 2014 жыл, ҚКО, Алматы қ.).