Алматы қ. ДСБ шаруашылық жүргізу құқығындағы «Қалалық кардиология орталығы» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнында 2015 жылғы 12 маусымда Қазақстан Республикасы халықтары Ассамблеясының 20 жылдығына арналған салтанатты шара өтті. Іс-шараға орталықтың барлық қызметкерлері, сондай-ақ Алматы қ. Әкімдігі, Алматы қ. Алмалы аудандық әкімдігі, Алматы қ. Денсаулық сақтау басқармасының өкілдері, ҚР халық Ассамблеясының және...

Алматы қ. ДСБ шаруашылық жүргізу құқығындағы «Қалалық кардиология орталығы» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнында 2015 жылғы 12 маусымда Қазақстан Республикасы халықтары Ассамблеясының 20 жылдығына арналған салтанатты шара өтті.

Іс-шараға орталықтың барлық қызметкерлері, сондай-ақ Алматы қ. Әкімдігі, Алматы қ. Алмалы аудандық әкімдігі, Алматы қ. Денсаулық сақтау басқармасының өкілдері, ҚР халық Ассамблеясының және медицина қызметкерлерінің кәсіподақ кеңесінің өкілдері қатысты.

Орталықта жұмыс істейтін қызметкерлер 13 ұлттың ұлттық киімдері мен ұлттық тағамдарын көрсетті. Олардың тарихы, мәдениеті, салт-дәстүрі туралы баяндама жасалды және халық әндері мен билері орындалып, қойылымдар қойылды. Бұл іс-шараға ерекше сән-салтанат берді.