2016 жылдың 15-ші маусымында ШЖҚ МКК «Қалалық кардиология орталығында» қаласындағы Северанс (Сеул, Оңтүстік Корея) клиникасы профессорларының қатысуымен мастер-класс өткізілді.

Мастер-класс тақырыбы: «Жіті коронарлық синдром мен жүрек ырғағының бұзылуы бар науқастарды емдеуде инновациялық технологияларды қолдану».

Мастер-классты өткізгендер:

  • Профессор Ко Ён Гук- Северанс (Сеул, Оңтүстік Корея) клиникасы, кардиология бөлімінің дәрігері. Мамандандырылуы: қолқа аурулары, қан тамырлары аурулары, эндоваскулярлық хирургия.
  • Профессор Пак Хи Нам- Северанс (Сеул, Оңтүстік Корея) клиникасы, кардиология бөлімінің дәрігері. Мамандандырылуы: жүрек аритмиясы, жүрекшелердің жыбыры, қарынша тахикардиясы.
  • Сондай-ақ, дәрігерлердің назарына екі клиникалық жағдай (жүректің ишемиялық ауруы және күрделі жүрек аритмиясы бар науқастар) баяндалды.

Оңтүстік Кореялық әріптестермен кездесу соңында Алматы қаласындағы «Қалалық кардиологиялық орталығы» мен Северанс клиникасы (Сеул, Оңтүстік Корея) арасындағы өзара ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды.