2016 жылдың 6 шілдесінде Астана күніне «Нұр Отан» партиясының «Ұлы дала елі» жобасы аясында денсаулық сақтау ұйымдары арасында мини-футболдан турнир өтті. Аталған турнирге Қалалық кардиология орталығы «ҚКО командасы» атауымен қатысып, жүлделі ІІ орынға ие болды. Жарыс қорытындысы бойынша ҚКО командасы дипломмен, кубок және медальмен марапатталды.