ҚКО базасында 2014 жылы 4 шілдеде итальяндық интервенциялық кардиологтың қатысуымен «FFR, IVUS» тақырыбында шеберлік сағаты өтті. FFR әдісі – қанағымның резервтік фракционалды көлемінің градиентін өлшеу. Бұл әдіс коронарлық артериялардағы стеноздың гемодинамикалық маңызын анықтауға мүмкіндік береді. Жиі 60-70% шекаралық тарылу болған жағдайда, интервенциялық кардиолог алдында әрдайым сенімді шешім болып табылмайтын, тек ангиографиялық мәліметтер негізінде стенттеу мүмкіндігі туралы ғана сұрақ тұрады. Сондықтан FFR әдісі ТКАжүргізуді 30% дейін төмендетуге мүмкіндік береді және стенттеу нәтижесін жақсартады.

VUS - коронарлық артерияны тамырішілік УДЗ, тамырдың ішік саңылауын көруге және атеросклероздық зақымдану шегі мен шынайы диаметрін анықтауға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, бұрын орнатылған стенттерді және толыққанды ашылу дәрежесін көруге болады. Чаще применяется при Бифуркациялық зақымдану және сол жақ коронарлық артерия діңінің зақымдануында жиі қолданылады, бұл хирургтердің жұмысын біршама жеңілдетеді және стенттеу нәтижесін жақсартады.