Маусым айының үшінші жексенбісі көпшілік үшін атаулы күн болып саналады. Бұл күні еліміз Медицина қызметкерлері күнін тойлайды. Өз өмірінде медицинамен бетпе-бет кездеспеген бірде-бір адам жоқ шығар. Әрбір адам ұзақ та белсенді өмір сүргісі келеді, ал ол үшін аурудың алдын алу немесе оны емдеу қажет. Медицина қызметкерлеріне адамдар өзіндегі ең қымбаттыны – өзінің және жақындарының денсаулығын сеніп тапсырады, ал бұл дәрігерлерден заманға сай білімді, жоғары жауапкершілікті және ең үздік адами қасиеттерді талап етеді. Медицина қызметкерлерінің күні – тек дәрігерлердің ғана мерекесі емес, сондай-ақ фельдшерлердің, мейіргерлердің, кіші медицина қызметкерлерінің де мерекесі, себебі ешбір заманауи аспап медицина қызметкерлері атқаратын науқасқа деген сезімтал әрі ілтипатты қатынастың орнын баса алмайды.

Орталық қызметкерлері де айтулы кәсіби мерекені атап өтті. Орталықтың барлық қызметкерлеріне мереке күніне орай сыйақы тағайындалды және орталық әкімшілігі атынан 23 қызметкер грамотамен марапатталды.

Сонымен қатар, орталық қызметкерлері кәсіби шеберліктері, қала халқына көрсетілетін кардиологиялық және кардиохирургиялық көмекті дамыту мен жетілдіруге қосқан зор үлестері үшін ҚР ДСӘДМ, Алматы қ. ДСБ, Алматы қ. Әкімінің грамоталарымен марапатталды:

Н.Б. Қаражанова – ҚР ДСӘДМ грамотасы

Б.А. Рысмендиев – Алматы қ. ДСБ грамотасы

Н.С. Сұрашев, Е.Н. Сергеева – Алматы қ. Әкімінің грамотасы.