Сарапшылар алқасы биылғы 22-қараша мен 27-желтоқсан аралығындағы қоңырау шалу, смс, электронды пошта арқылы және «qazaquni.kz» cайтындағы мыңдаған оқырманның ұсыныс-пікірлеріне сүйене отырып, бірнеше номинация бойынша Жыл адамдарын анықтады.

Жыл дәрігері – Алмат Қодасбаев. Алматы қалалық кардиологиялық орталығының директоры, жоғары санатты кардио-хирург, медицина ғылымдарының кандидаты. Қазақстанда жиі кездесетін жүрек, қан тамыр ауруының алдын алып, дер кезінде ем қолданып, халыққа жоғары сапалы дәрігерлік қызмет көрсетіп келеді.