Ауруларды ерте анықтау мақсатында ШЖҚ «Қалалық кадиология орталығы» МКК Қарттар күні мен Дүниежүзілік жүрек күні қарсаңында 2016 жылдың 19 қыркүйегінде «Ашық есік күнін» өткізді.

Аталған шара аясында Орталық Алматы қаласындағы Ардагерлер үйінде жылжымалы Ашық есік күнін өткізді. Орталықтың кардиолог-дәрігерлері мен С.Ж.Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық медицина университетінің кафедра қызметкерлері барлығы 70 адамды дәрігерлік тексеруден өткізіп, электрокардиографиялық зерттеулер жүргізді және консультациялар берді.

Сонымен қатар, төмендегідей зертханалық зерттеулер жасалды:

  • Қан құрамындағы қант – 38,
  • Электрокардиограмма – 70.

Іс-шара жоғары деңгейде өтті. Қабылдауға келгендердің ешқайсысы қанағаттанбағандығы туралы шағым айтқан жоқ.