Алматы қаласы Денсаулық сақтау басқармасына қарасты ШЖҚ «Қалалық кардиология орталығы» МКК, Қазақстан Республикасында денсаулық сақтауды дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру және ҚР Тұңғыш Президенті күні мен Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай «25 қайырымды іс» акциясы аясында, кардиологиялық бейінді науқастарға диагностика жасау және уақтылы көмек көрсету мақсатында 2016 жылдың 29 қарашасы күні сағат 9.00 – 13.00 аралығында Ашық есік күнін өткізеді.

Мекенжайы: Алматы қаласы, Төле би көшесі, 93 (Төле би көшесі жағынан кіреді).
Қабылдауды С. Асфендияров атд. ҚазҰМУ кафедрасының қызметкерлері, кардиологтар мен орталық дәрігерлері жүргізеді.