Қазақстан Республикасында денсаулық сақтауды дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру және ҚР Тұңғыш Президенті күні мен Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай «25 қайырымды іс» акциясы аясында, кардиологиялық бейінді науқастарға диагностика жасау және уақтылы көмек...

Қазақстан Республикасында денсаулық сақтауды дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру және ҚР Тұңғыш Президенті күні мен Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай «25 қайырымды іс» акциясы аясында, кардиологиялық бейінді науқастарға диагностика жасау және уақтылы көмек көрсету мақсатында 2016 жылдың 29 қарашасы күні сағат 9.00 – 13.00 аралығында Алматы қаласы Денсаулық сақтау басқармасына қарасты ШЖҚ МКК «Қалалық кардиология орталығында» Ашық есік күні өтті.

Аталған іс-шара аясында орталыққа 214 адам қабылдауға келді. Барлығына электрокардиографиялық зерттеу жасалып, кардиолог- дәрігерлердің, соның ішінде С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті кафедрасының қызметкерлерінің кеңестері берілді. Қабылдауға келгендердің ішінде аурулары бойынша мүгедектер – 32 адам.

Сонымен қатар, қабылдауға келгендерге зертханалық-аспаптық зерттеулер жасалды:

  • Қан құрамындағы қантты анықтау – 52,
  • Электрокардиограмма – 214,
  • Эхокардиограмма – 114.

Көрсетілімдері (ЖКС, жүрек қағысының өміріне қатер тудыратын бұзылулары) бойынша шұғыл ауруханаға жатқызылғандар –32.

Қабылдауға келгендердің көбісі қызметкерлердің тілектестік қарым-қатынасын атап өтіп, алғыс хаттар жазған. Шараға көңілі толмаған адамдар болған жоқ.