Қалалық кардиология орталығында 2016 жылы 30 қарашада Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне арналған салтанатты жиын өтті. Салтанатты жиынды Орталықтың директоры А.Т. Қодасбаев ашты. Ол: «Ұлт Көшбасшысымен жүргізілген сындарлы саясат арқасында...

Қалалық кардиология орталығында 2016 жылы 30 қарашада Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне арналған салтанатты жиын өтті. Салтанатты жиынды Орталықтың директоры А.Т. Қодасбаев ашты. Ол: «Ұлт Көшбасшысымен жүргізілген сындарлы саясат арқасында біздің еліміз – Қазақстан мемлекет ретінде танылды. Әртүрлі ұлттар мен ұлыстардың бейбіт өмірінің бесігіне айналып, экономикасының қарқынды дамуымен алға шықты»- дей келе, ұжымды айтулы мерекемен құттықтап, қызметкерлерге және олардың отбасына зор денсаулық, еңбектеріне табыс тіледі.

Күн сайын біз БАҚ әлемнің әр тарабындағы конфессияаралық эскалация, этносаралық қатығыстар туралы естіп жатамыз. Біздің еліміз мұндай оқиғалардан аулақ, өз игіліктері үшін бейбіт өмір сүруде. Н.Ә.Назарбаевтың «Мәңгілік Ел» ұлттық идеясы өміріміздің мәніне айналған.
Сонымен қатар, жиында әдістемелік ұйымдастыру бөлімінің дәрігері Е.Т.Төлеудің Елбасының өмір жолына арналған баяндамасы тыңдалды.
Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті күнінің әрбір қазақстандық үшін маңызы айтылды.