2016 жылы 28 қарашада Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай «Кардиология және инновация» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Дөңгелек үстелге LVAD аппараты қойылған пациенттер шақырылды. LVAD – жүрекке қосымша ретінде хирургиялық жолмен имплантталған механикалық насос. Барлық қатысушылар өнімді пікір алмасу болғанына ризашылықтарын білдіріп, Орталықтың жұмысына жоғары баға берді. Дөңгелек үстел соңында барлық қатысушыларға естелік сыйлықтар берілді.