Қалалық кардиология орталығында 2016 жылы 02 желтоқсанда «Дені сау ұрпақ – болашақтың негізі!» тақырыбындағы бейнебаян көрсетілді. «Дені сау ұрпақ – біздің табысты болашағымыздың негізі» - деп көрсетті Елбасы өз Жолдауының Қазақстандағы медицина саласын дамыту бойынша міндеттерді анықтау бабында.

Мемлекеттің басымдық бағыттарының бірі әрқашан да адам денсаулығын сақтау болып табылады. Адам денсаулығын сақтау құқығы Қазақстан Республикасы Конситуциясының 29-бабында айтылған. Дені сау ұрпақты қылыптастыру, оның денсаулығын сақтаудың міндетті шарты дене шынықтыру және спортпен айналысу болып табылады. Қазақстан Республикасының Президенті жастар арасында салауатты өмір салтын танымал етудің маңыздылығы, сонымен қатар спорттағы биік жетістіктерге жету, дене шынықтырумен және спортпен белсенді айналысу үшін қажетті жағдайдың бәрін жасау керектігі туралы бірнеше рет айтты.