ШЖҚ «Қалалық кардиология орталығы» МКК қызметкерлері Алматы қ. Денсаулық сақтау басқармасымен бекітілген медициналық қызмет көрсету сапасын жақсарту бойынша Сапа айлығы аясында Алматы қаласындағы Ардагерлер үйіне барып, қайырымдылық акциясын өткізді.

Дәрігерлер Алматы қ. Ардагерлер үйінде тұратын пациенттерге консультациялар, электрокардиографиялық зерттеулер жүргізді. Бұл іс-шара, шын мәнінде, мейірімділік актісі болып табылады. Мейірімділік – бір адамның басқа бір адамның қайғысына ортақ бола білу, игілікті, мейірбан, сүйіспеншілік таныту жағдайы, ол селқостыққа, мейірімсіздікке, өшпенділікке қарама-қарсы. Қайырымдылық – бұл аяушылық білдіре отырып, риясыз әрі шынайы көмек көрсету дайындығы немесе адамгершілік түсінігі. Қайырымдылық – бұл мұқтаж жандарға жәрдем беру.

Мейірімділік, адамдық, аяушылық таныту, әрине жүрек бойынша мамандарға-кардиологтарға тән. Тұрғындар, әкімшілік және Ардагерлер үйі қызметкерлері көрсетілген медицинлық қызмет үшін алғыстарын айтып, өз ризашылықтарын білдірді. Дәл осыған ұқсас шараны Қалалық кардиология орталығы 2016 жылы қыркүйек айында да өткізген болатын. Қайырымдылық акциясы – мейірімділік актісі