Сапа айлығы аясында Қалалық кардиология орталығының №2 кардиология бөлімінде жүйелі түрде, жоспарға сай пациенттер мен олардың туыстары оқытылады.

Мұнда негізінен жіті коронарлық синдром кезінде өзіндік және өзара көмекке, оның бастапқы белгілерін тануға, жағдайының күрт төмендеуіне байланысты бірінші белгілері білінген кезден бастап медициналық көмекке жүгінудің маңыздылығына ерекше көңіл бөледі. Науқастар үшін медициналық ақпараттың ең беделді көзі дәрігер мен мейіргер болып табылады. Міне, сондықтан да шынайы практикаға оқу технологияларын енгізу міндеті тұр. Әрбір нақты жағдайда пациенттің жеке психологиялық, мінез-құлықтық ерекшеліктерін, оның дәрігердің кеңестерін бұлжытпай орындауға дайындығын анықтау қажет.

Әрбір медицина қызметкеріне пациентті тиімді оқыту үшін клиникалық білімнен басқа қосымша кәсіби білім мен біліктің:

  • қарым-қатынас үдерісінің негіздерін білу (тиімді қарым-қатынас жасау), кері байланыс техникасын меңгеру;
  • мінез-құлықты қалыптастырудың (әдеттер) және оның өзгеруінің психологиялық қағидаттарын білу және оған есеп жүргізу;
  • тиімділігін арттыру үшін оқытудың белсенді формаларын білу қажеттілігі де ескерілді.