Алматы қаласы ДСБ ШЖҚ «Қалалық кардиология орталығы» МКК 2017 жылы 22 ақпанда ҚР Денсаулық сақтау министрлігі ішкі әкімшілік департаментінің директоры В.М.Безлер, Алматы қаласы ДСБ басшысының орынбасары Г.У.Құлқаеваның қатысуымен мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың 2017 жылғы 31 қаңтардағы «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Қазақстан халқына Жолдауындағы негізгі ережелерді түсіндіру мақсатында кездесу өтті.
Аталған шараға 110 адам қатысты.

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі ішкі әкімшілік департаментінің директоры В.М.Безлердің баяяндамасы тыңдалды. Ол құжаттағы негізгі ережелерге тоқталып, Н.Ә.Назарбаев өз жолдауында экономикалық өсудің жаңа моделін құру қажеттігі туралы баса айтқанын жеткізді. Жаңа модель – Қазақстанға халықаралық деңгейде бәсекеге түсуге мүмкіндік береді. Президент бұл үшінші жаңғырығудың ұлттық «100 нақты қадам» жоспары аясында жүргізілетінін айтты.

Ағымдағы жылдың 1 шілдесінен бастап мемлекеттің, жұмыс берушінің және азаматтардың өзіндік жауапкершілігіне негізделген міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі енгізіледі. Бұл жүйенің тиімділігі дүниежүзілік практикамен дәлелденген.

Медициналық сақтандыру жүйесіне қатысушыларға медицина қызметінің кең спектрі көрсетілетін болады. Әлеуметтік тұрмысы нашар отбасыларға үкімет тарапынан қолдау көрсетіледі.

Үкімет денсаулық сақтау саласын қажетті ақпараттандарумен қаматамасыз етуі тиіс. Бәсекеге қабілеттілікті дамыту үшін жеке медицина ұйымдары МӘМС жүйесінде тең қызметтер ұсынуы тиіс.

Сонымен қатар, Алматы қаласы ДСБ басшысының орынбасары Г.У.Құлқаева сөз сөйлеп, жұмыс берушілер үшін МӘМС қорына жіберілетін аударымдар мөлшерін төмендету туралы заң жобасындағы өзгерістерге тоқталды:

  • Жұмыс берушілердің аударымдары 2017 жылдан 1% бастап 2018 жылға қарай 3% өседі.
  • МӘМС ережесінің бастапқы жобасында – 2%-дан 5% дейін деп көрсетілген еді.
  • Дегенмен, жұмыскерлердің жарнасы өзгеріссіз қалды – 2019 жылдан бастап 1%, ал 2020 жылдан бастап 2% қорға аударатын болады.

Сонымен қатар, медсақтандыру үшін мемлекет аударым жасайтын жеңілдіктер алатындардың тізімі ұлғайды, оған:

  • - бала күтіміне байланысты үйде отырған азаматтар - 18 жасқа дейінгі мүгедектер;
  • - ЖОО күндізгі бөлімі түлектері (тек оқуды бітіргеннен кейін үш күнтізбелік ай көлемінде; осы үш айдың ішінде жұмысқа орналасады деп жоспарланған);
  • - жұмыс істемейтін оралмандар (тіркелгеннен күннен бастап бір жыл), сондай-ақ шетел азаматтары және Қазақстан аумағында тұрақты түрде тұратын азаматтығы жоқ тұлғалар;
  • - халықтың қорғалмаған тобы санатына жататындар -балалар, зейнеткерлер, жүкті әйелдер.

Ұлт Көшбасшының алға қойған мақсаттарын орындауға болады және барлығы да оны жүзеге асыру үшін қызмет жасайды.

Содан кейін Қалалық кардиология орталығы реанимация және интенсивті терапия бөлімінің меңгерушісі Б.Б. Қанапин сөз алды. Ол осы кездесуді ұйымдастырушыларға, ҚР Денсаулық сақтау министрлігі ішкі әкімшілік департаментінің директоры В.М.Безлерге мазмұнды баяндамасы үшін алғыс айтты.