Алматы қ. ДСБ шаруашылық жүргізу құқығындағы «Қалалық кардиология орталығы» МКК 2017 жылы 1 наурызда Қазақстан Республикасындағы Алғыс айту күніне орай салтанатты жиын өтті. Салтанатты жиынды Орталық директоры А.Т. Қодасбаев ашты.

Директор өз сөзінде 130-дан астам ұлттар мен ұлыстар тұратын еліміздің бейбіт өмірі үшін достықтың, келісім мен түсіністіктің мерекесі ауадай қажет екенін айтты. Бұл мереке – өзіміздің ғана емес, өзге ұлттардың да Қазақстан мемлекетіне деген ризашылығы мен құрметін білдіру мерекесі. Мерекенің қазақ елі үшін маңыздылығына тоқтала отырып, директор Ооталық ұжымын көктемнің алғашқы мерекесімен құттықтап, зор денсаулық, еңбекте табыс пен өсіп өркендеуді тіледі.

Жиында ұйымдастыру-әдістемелік бөлімінің дәрігері Е.Т. Төлеу мерекеге арналған мазмұнды баяндамасын жасады. Әрбір қазақстандық үшін Алғыс айту күнінің мәні мен маңыздылығын айтып өтті.
Қатысушылар Қазақстан Республикасынан басқа мемлекетте тойланбайтын Алғыс айту күнінің маңыздылығын жоғары бағалады.