Бүгін 18.03.2017 Алматы қаласындағы ШЖҚ «Қалалық кардиология орталығы» МКК Наурыз мерекесіне арналған салтанатты жиын өтті. Орталық әкімшілігі қызметкерлерді Ұлыстың Ұлы күні – Наурыз мерекесімен құттықтап, мықты денсаулық, толағай табыстар тіледі.

Наурыз – бұл көктем мерекесі, табиғаттың жаңаруы, жаңа жылдың, жаңа өмірдің бастауы. Орталық әкімшілігі атынан біздің сайт оқырмандарын Наурыз мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз! Көктем мерекесінің арайлы күн шуағы барлық отбасына бақыт пен береке әкелсін!