Алматы қ. Денсаулық сақтау басқармасына қарасты шаруашылық жүргізу құқығындағы «Қалалық кардиология орталығы» МКК Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 15 қаңтардағы № 176 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасында денсаулық сақтауды дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған «Денсаулық» Мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру аясында, ауруларды ерте анықтау мақсатында «Денсаулық күніне орай 2017 жылы 07 сәуір күні сағат 12.00 – 18.00 аралығында «Ашық есік күнін» өткізеді. Мекенжайымыз: Алматы қаласы, Төле би көшесі 93-үй (Төле би көшесі жағынан кіреді).

Қабылдауды кардиолог-дәрігерлер, С.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті кафедрасының қызметкерлері, орталықтың дәрігерлері.