2017 жылы 07 сәуір күні сағат 12-00 мен 18-00 аралығында Алматы қаласы Денсаулық сақтау басқармасына қарасты ШЖҚ «Қалалық кардиология орталығы» МКК ҚР денсаулық сақтау саласын дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру аясында және кардиологиялық бейінді науқастарға диагностика жасау және уақтылы медициналық көмек көрсету мақсатында Дүниежүзілік Денсаулық күніне орай Ашық есік күнін өткізді.

Аталған шара аясында Орталыққа 195 адам келіп, тексерулерден өтті. Оларға электрокардиографиялық зерттеу жасалды, кардиологтар консультация берді, соның ішінде С. Асфендияров атд. ҚазҰМУ кафедраларының қызметкерлері, көрсетілімдері бойынша – кардиохирург да кеңестер берді.


  • Келіп қаралғандардың ішінде:
  • Ауруы бойынша мүгедек – 1.
  • Сонымен қатар зертханалық-аспаптық тексерулер жүргізілді:
  • Қан құрамындағы қант – 20,
  • Электрокардиограмма – 195,
  • Эхокардиограмма – 78.

Шұғыл көрсетілімдері (ЖКС, өмірге қауіп төндіретін жүрек қағысының бұзылуы) бойынша ауруханаға жатқызылғандар саны – 3 адам. Орталық қызметкерлері ұйымдастырған іс-шара жоғары деңгейде өтті. Келгендердің ішінде көңілі толмаған адам болған жоқ. Сонымен қатар, қызметкерлер атына Алғыс хаттар да түсті.