2017 жылы 14 сәуірде Қалалық кардиология орталағының дәрігерлері заманауи компьютерлік IT- технологияны пайдалана отырып, білімі мен дағдысын бағалаудан өтті. Аталған шараны С.Д.Асфендияров атд. ҚазҰМУ кафедра қызметкерлері өткізді.

Негізгі жаңалық – білім мен дағдыны бағалаудың дәстүрлі әңгімелесу түрінен заманауи деңгейге ауысуы. Аталған форматтағы білім мен практикалық дағдыларды бағалау әдісі дәрігерлердің біліктілік деңгейін, олардың кәсіби дамуын шынайы бағалауға, сонымен қатар халыққа медициналық көмек көрсету сапасын жақсартуға ықпал етеді.