Алматы қ. ДСБ ШЖҚ "Қалалық кардиология орталығы" МКК ағымдағы жылдың 21 сәуірінде Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа көзқарас: Қоғамдық сананы модернизациялау» атты Жолдауының негізгі қағидаларын түсіндіруге арналған шара өтті.

Ұйымдастыру-әдістемелік бөлімінің дәрігері Е.Т. Төлеудің аталған тақырып төңірегіндегі баяндамасы тыңдалды. Ол құжаттың негізгі қағидаттарына тоқталып, биылғы жылы Елбасы өз Жолдауымен Қазақстанда үшінші модернизциялаудың басталғанын баса айтты. Жаңарудың екі маңызды үрдісіне - саяси реформа және экономиканы модернизациялауға жол ашылды.

Мақсат – әлемнің отыз дамыған елінің қатарына ену. Екі модернизациялау үдерісінің де нақты мақсаттары мен міндеттері, басымдықтары, оларға қолжеткізу әдістері бар.

Сананың ашықтығы және үздік жетістіктерді қабылдау, жақсыны қабылдауға дайын болу – міне, табыс кілті және ашық сана көрсеткішінің бірі деуге болады. Президент 2017 жылдың соңына дейін барлық қоғам өкілдерін тарта отырып, ғалымдардың көмегімен қазақ тілінен латын тіліне кезең-кезеңімен ауысудың, жаңа қазақ қаріпіне бірыңғай көшудің қажеттілігін айтып өтті.

2018 жылдан бастап жаңа әліпбиді үйрететін мамандарды, орта мектептер үшін оқулықтарды даярлауды бастап керек. Сонымен қатар, Елбасы 2025 жылдан бастап қазіргі әліпбиді латын қарпіне көшіруді бастау қажеттігін айтты. Баяндама соңынан Жолдауды талдауға қатысты ашық пікірталас өтті.