12 мамыр 2017 жылы Сапа айлығы аясында Қалалық кардиология орталығының кардиологиялық бөлімдерінде дәрігерлер Дүниежүзілік артериялық гипертензиямен күрес күніне орай артериялық гипертензия мәселелері бойынша пациенттерді оқытты.

Сапа айлығы аясында Қалалық кардиология орталығының кардиологиялық бөлімдерінде дәрігерлер Дүниежүзілік артериялық гипертензиямен күрес күніне орай артериялық гипертензия мәселелері бойынша пациенттерді оқытты.

2013-2018 жж. кезеңде Дүниежүзілік артериялық гипертензиямен күрес күнінің тақырыбы – «Өзіңнің АҚ санын білу». Егер гипертония уақтылы анықталған болса, онда жүректен болатын қатерлердің, инсульт, жүрек және бүйрек жеткіліксіздігінің алдын алу мүмкіндігі жоғары болады. Сондықтан, халықты осыған үйретуге ерекше көңіл бөлінеді.

Қан қысымының жоғарылауын және оның ауыр жағдайларға әкелу мүмкіндіктерін болдырмау үшін келесі шараларды қолдану қажет:

  • Балалар мен жастардың дұрыс тамақтануына баса назар аудара отырып, салауатты өмір салтын сақтауға тырысу
  • Ас тұзын күніне 5г. дейінгі мөлшерде пайдалану
  • Күніне пайдаланатын жемістер мен көкөністердің мөлшерін ұлғайту
  • Күніне пайдаланатын қаныққан майлар мен майлардың жалпы көлемін азайту
    • Алкоголь өнімдерін пайдаланудан бас тарту
    • Тұрақты түрде дене жаттығуларын жасау
  • Қалыпты дене салмағын сақтау
  • Темекі шегуді және темекі бұйымдарын қолдануды тоқтату
  • Күйзелістерге лайықты бақылау жасау

Гипертониясы бар тұлғалар келесі шаралар арқылы өз жағдайын бақылай отырып, белсенді өмір сүре алады:

  • жоғарыда санамалап берілген дұрыс өмір сүру тәртібін сақтау;
  • үй жағдайында қан қысымына мониторинг жасау, егер бұған мүмкіндік болса;
  • қан құрамындағы қантты, холестерин деңгейін және зәрдегі альбуминді бақылап отыру;
  • қатерді бағалау құралын пайдалана отырып, жүрек-қан тамыры қатерін бағалай білу;
  • медициналық нұсқауларды орындау;
  • қан қысымын төмендетуге арналған дәрілік заттарды қабылдау.

Аталған шара аясында пациенттермен қан қысымы туралы ақпараттық әңгіме жүргізіліп, көрнекі материалдар берілді, АҚ өлшенді.