«Миокард инфарктынан кейінгі кардиологиялық оңалту фармакотерапиясы» тақырыбында оқу семинары өтті

2017 жылы 24 мамырда Алматы қ. Қалалық кардиология орталығында «Миокард инфарктынан кейінгі кардиологиялық оңалту фармакотерапиясы» тақырыбында семинар өтті. Семинарды С.Ж. Асфендияров атд. ҚазҰМУ кафедрасының профессорлары Ш.Б. Жангелова, Р.К. Альмухамбетова және ҚКО директорының медициналық істері жөніндегі орынбасары А.М. Кенжебаев өткізді.

Семинар барысында 5 баяндама тыңдалды.

Баяндама жасағандар:

  • Алматы қ. штаттан тыс бас кардиологы– м.ғ.к. Абенова А.Т., доцент Рустамова Ф.Е., ассистент Токсанбаева Г.Т. Баяндама тақырыбы: «Миокард инфарктынан кейінгі кардиологиялық оңалту фармакотерапиясы мәселелерінің қазіргі жағдайы»
  • профессор Альмухамбетова Р.К., доцент Ползик Г.Б., профессор Жангелова Ш.Б. Баяндама тақырыбы: «Гиперсимпатикотония – СЖЖ қатерінің қарқындау факторы»
  • профессор Жангелова Ш.Б., профессор Искаков Б.С., 5- кардиология бөлімінің меңгерушісі Туякбаева А.Г. Баяндама тақырыбы: «Кардиологиялық оңалту бағдарламаларындағы фармакотерапия тиімділігінің индикаторлары»
  • профессор Альмухамбетова Р.К., Капсултанова Д.А. Баяндама тақырыбы: «АГ және ЖИА емдеудің заманауи тәсілдері»
  • доцент Ползик Г.Б., доцент Капсултанова Д.А., ассистент Кеделбаева К.М. Баяндама тақырыбы: «ССЗ екінші реттік профилактикасы»

Баяндама соңынан сұрақтар қойылып, семинар пікірталасқа ұласты.