EuroPCR Еуроапалық кардиоваскулярлық хирургтер (EAPCI) қауымдастығының жыл сайынға ресми жиналысы және әлемдегі интервенциялық кардиоваскулярлық медицина бойынша жетекші курс болып табылады.

EuroPCR жыл сайын 12 000 қатысушының басын қосады, барлық интервенциялық қоғам арасында ақпарат алмасу үшін ғаламдық форум болып табылады.

Фармацевтика өнеркәсібі мен жабдықтар өндіретін 120 аса компания қатысты. Олардың ең үздік өнімдері EuroPCR көрсетілді. Біз ол жерде интервенция саласындағы жаңа өнімдер мен жобаларға куә болдық. Форумға қатысушылармен пікір алмасу, өз қажеттіліктерімізбен бөлісу барысында практик-мамандармен ой бөлісу осы сала бойынша инновациялардың туындауына зор маңызға ие болатындай жол салды.

PCR миссиясы жүрек-қан тамыры қоғамына көмектесе отырып, білім, тәжірибе және практикамен бөлісу арқылы әрбір жеке науқастың қажеттілігін қанағаттандыру болып табылады. Оның қызметі кең ауқымды, Еуропа, Азия және Таяу Шығыста жыл сайын ұйымдастыратын курстардан бастап ғылыми журналды редакциялау, оқулықтар шығару, оқу сабақтары мен онлайн-курстар өткізумен аяқталады.

Курстар коронарлық араласу, гипертензия және инсульт, перифериялық араласу, қалпақша аурулары және жүрек жеткіліксіздігі сияқты тақырыптарға негізделген.

Осы жылғы Eurointervention журналында «Қазақстан: 2010-2015жж. коронарлық және құрылымдық араласу» атты мақала жарияланды.

Беларусь және Қазақстан тақырыбындағы бірлескен сессияда ST көтерілуімен ЖКС науқастарға қатысты техникалық және тактикалық мәселелер бойынша өз тәжірибелерімен бөлісті.

Біз мынадай мәселелер бойынша 4 баяндама ұсындық: аспирация, спазм немесе диссекцияға орын бар ма, кешігіп түскен науқастарға күту тактикасы өзін ақтай ма? Дәрігерлер С. М. Даирбекова, А.Н. Куланбаева, ҚазҰМУ кафедрасының доценті М.Е. Кужикеев баяндамалар жасады.

Осы сессияның модераторы О.С. Сахов болды.

Бұл іссапарда біз мол тәжірибе жинадық, себебі осындай деңгейлі шарада біз баяндамашылар ретінде бірінші рет қатыстық.

Біз қз клиникамыз туралы мақтанышпен айттық, басқа елдерден келген дәрігерлермен өз тәжірибемізбен бөлістік, қатысушылар аса қызығушылықпен тыңдады.

Біз бұдан да көлемді шараларда өз еліміз бен еңбегімізді көрсететінімізге сенеміз.