ШЖҚ «Қалалық кардиология орталығы» МКК 1 маусым – Балаларды қорғау күніне орай жиын өтті. Бұл күнді тек біздің ел ғана емес, 1949 жылдан бері әлемнің көптеген елі тойлайды. Тұңғыш рет 1950 жылы аталып өткен халықаралық балалар күнінің өз жалауы бар. Бұл жалауда жер шарын қоршаған түрлі бала бейнеленген.

1959 жылы БҰҰ Бала құқықтары Декларациясын қабылдады, оған ата-аналарды, мемлекеттік органдарды, жергілікті билік пен үкіметтерді, мемлекеттік емес ұйымдарды, ондағы балалардың құқықтары мен бостандықтарын мойындауға және оларды сақтауға тырысуға шақыратын баптар кіреді.

Декларация тек ұсынымды сипатта болды және міндетті күші болған жоқ. Басқа заңдар талап етілді, содан 1989 жылдың 20 қарашасында БҰҰ Бала құқықтары туралы Конвенцияны қабылдады, оған 61 ел қол қойған болатын. Бұл Конвенция 1990 жылы 13 шілдеде КСРО ратификацияланды.

Балалар – біздің болашағымыз. Сондықтан да, бізге, олардың ата-аналарына және жақындарына балаларымыздың ең жарқын кезеңі балалық шақтың бақытты өтуіне барымызды салуымыз керек. Әлемдегі жақсының бәрі балаға арналуы тиіс, оларға махаббат пен қамқорлық сыйлап, басқа балаларға да көмек қолын тигізу қажет. Сонда ғана сіз өмірдің қайырымды әрі тамаша екеніне көз жеткізесіз!