EXPO-2017 халықаралық көрмеге қолдау көрсету мақсатында 2017 жылы 6 маусымда Алматы қаласындағы Қалалық кардиология орталығы базасында ТМД елдері аумағында бірінші рет проведен мастер класс Magmaris инновациялық биосіңіру каркасының имплантациясы бойынша профессор, м.ғ.д. Вернер Хабербош (Гейдельберг (SRH) оңалту қорының Орталық клиникасы ішкі аурулар бөлімінің меңгерушісі, Зуль қ., Германия) қатысуымен шеберлік сыныбы өтті. Қазіргі уақытта Magmaris магний қоспасынан жасалған әлемдегі бірінші биосіңіру каркасы болып табылады.

Биосіңіру каркастарының артықшылығы:

  • Каркасты толық сіңіргеннен кейін артерия қабырғасының табиғи жиырылғыш қабілетін қалпына келтіру;
  • Артериялардың бос аралығында бөгде материалдардың болмауы салдарынан локальді қабынуды және рестенозды минимумға жеткізу;
  • Қайта араласуды (ЧКВ немесе АКШ) немесе МРТ, КТ сияқты инвазивті емес зерттеулер жүргізуді жеңілдету;
  • Кейбір науқастар үшін психологиялық кедергілерді болдырмау – организмде тұрақты имплантаның жоқтығы болып табылады.

Қауіпсіздік, үздік қолжетімділік, сонымен қатар тиімді сіңіру BIOSOLVE-I және BIOSOLVE-II сияқты клиникалық зерттеулер қатарымен дәлелденді. BIOSOLVE-II екі жылдық зерттеулер нәтижесі Париж қаласында (Франция) 2017 жылы мамыр айында өткен EuroPCR баяндалды. 12 айдан кейін де, 24 айдан кейін де скаффолд иплантациясы орнында нақты бір тромбоз байқалған жоқ.