ШЖҚ «Қалалық кардиология орталығы» МКК медициналық қызмет сапасы айлығы аясында белгілі театр және кино актері Бекжан Тұрыс қонақ болды. Бекжан Тұрыс - 1990 жылдан бері М.Әуезов атындағы академиялық драма театрының актері.

Осы сахнада жүріп ол 50 аса рольдерді сомадады, мысалы: оны ерекше танымал еткен телевизиялық бағдарлама «Жетпіс жеті күн», «Ұят болмасын» (Ақылбай шал), «Еркектің аты еркек», сондай-ақ көрермен көңілінен шыққан сериалдар «Базарбаевтар» (Базарбаевы) және т.б. Бекжан Тұрыс - «Дарын» Мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері.

Оның кинодағы рольдері: Базарбаевтар; Айналайын, Шәкен; Золотое колье / Алтын алқа , Набережная любви / Махаббат жағалауы, Құрақ көрпе, Человек – ветер/ адам-жел.