Қалалық кардиология орталығының қызметкерлері Кардиология және ішкі аурулар ғылыми-зерттеу институтының құрылғанына 40 жыл толуына орай ұйымдастырылған Қазақстан Республикасы кардиологтарының IХ Конгресінің жұмысына қатысуда.

Олар баяндамалар жасап, әртүрлі үлгідегі хабарламалар дайындады. Конгресс 2017 жылдың 7 маусымында басталып, 9 маусымда өз жұмысын аяқтайтын болады.