Бұл мереке Қазақстан Республикасы Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың 2003 жылғы 15 қарашадағы Жарлығына сәйкес тойланады. Медицина қызметкерлері күнін тек медиицна мамандары ғана емес, барлық адам өмірін сақтап қалуға араласатын адамдардың бәрі мерекелейді.

Біздің әрқайсымыз өмірімізде бір рет болса да дәрігердің көмегіне жүгінбеген кезіміз жоқ. Себебі кім болса да белсенді өмір сүріп, ұзақ жасағысы келеді. Ол үшін аурудың алдын алу немесе уақтылы емделу қажет. Медицина қызметкерлеріне адамдар өздерінің және жақындарының ең қымбаттысын-денсаулығын сеніп тапсырады, ал ол мамандардан жоғары жауапкершілікті, заманауи білімді, үздік адами қасиеттердің болуын талап етеді. Қазіргі денсаулық сақтау және дәрігерлердің күш-қуаты тек ауруды емдеу ғана емес, адамдардың денсаулығына қолдау көрсетуге және оны дамытуға бағытталған.

Мереке қарсаңында Қалалық кардиология орталығының директоры А.Т.Қодасбаев ақ халатты абзал жандарды төл мерекелерімен құттықтады. Өзінің салтанатты сөзі ол ҚР Денсаулық сақтау министрі Е.А.Біртановтың құттықтауымен жалғастырды.

Қалалық байқауға қатысып, "Үздік мейіргер- 2017 " номинациясы бойынша жеңімпаз атанған ақылы бөлімнің мейіргері Ю.М. Чекановаға Алматы қаласы әкімнің 100000 теңге сертификатын тапсырды. Директор қызметкерлерді Қалалық денсаулық сақтау басқармасының, Алмалы ауданы әкімінің Құрмет грамотасымен марапаттады.

Орталықтың барлық қызметкерлері мерекеге орай ақшалай марапатқа ие болды. Сөз соңында А.Т. Қодасбаев қызметкерлерге зор денсаулық, толағай табыстар мен үлкен жауапкершілікті, науқастарға жасайтын қамқорлықтың сарқылмауын тіледі. Кейін бөлім меңгерушілері, Асфендияров атд. ҚазҰМУ кафедра қызметкерлері Орталық қызметкерлерін құттықтап, соңы концерттік бағдарламамен жалғасты.