Қалалық кардиология орталығының қызметкерлері Алматы қаласында 2017 жылы 21-22 маусымда өткен «Денсаулық бәріміз үшін» атты V Халықаралық конгрестің жұмысына белсенді қатысты. Мұны өткізудегі мақсат – міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру аясында ҚР Перзиденті Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Қазақстан халқына жолдауын және денсаулық сақтауды дамытудың 2016-2019жж. арналған «Денсаулық» Мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру.

Орталық директоры, медиицна ғылымының кандидаты А.Т. Қодасбаев «Алматы қ. шұғыл кардиологиялық қызметті ұйымдастыру» тақырыбында баяндама жасады. Ол қанайналымы жүйесі XXI ғасырдағы әлемдік және отандық қоғамдық денсаулық сақтаудағы маңызды мәселелердің бірі болып табылатындығын баса айтты. Олардың әлеуметтік маңызы бар. ҚЖА ересектердің арасында өлім-жітім және мүгедектік себептері бойынша көш бастап тұр, экономикалық тұрғыдан дамыған елдер мен төменгі және орта деңгейлі табыстары бар елдерде де ол көшбасшы орында.

Баяндамашы қаладағы шұғыл көмекті ұйымдастыру жайында толық баяндап шықты. Сонымен қатар, кардиологиялық қызметтің даму перспективалары, медициналық көмек деңгейлері арасындағы сабақтастықты жақсарту, инновациялық медициналық технологияларды енгізу, қаладағы көп салалы клиникалардың бірінің базасында ЧКВ (ТАА) орталығын құру, емханалар мен стационарларда сандық медицинаны енгізу.

Жіті миокард инфаркты кезінде медициналық көмек көрсетудің біріктірілген моделін енгізу бойыншаа жол картасын жүзеге асыру, қалада денсаулық сақтауды дамытудың 2016-2019жж. арналған «Денсаулық» Мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру сөзсіз жүрек-қан тамыры ауруларынан болатын өлім-жітімді төмендетуге ықпал етеді.

Сонымен қатар, Конгресс аясында реаниматолог-дәрігер Б. Жамалов 2017 жылы 10-11 қарашада Мәскеу қаласында өтетін «Денсаулық сақтауда адам өмірі сапасын зерттеудің заманауи аспектілері» атты ғылыми-практикалық жұмысқа қатысуға арналған Сыйлық сертификатын жеңіп алды.