ШЖҚ «Қалалық кардиология орталығы» МКК Астана күніне арналған салтанатты жиын өтті.

Жиын А.Т. Қодасбаевтың құттықтау сөзімен басталды.

Ол Қазақстанның жаңа астанасы – Астана өте қарқынды дамып жатқанын айтты. Бұл Орта Азиядағы ең заманауи қалалардың бірі болып саналады. Алматыдан кейінгі астана аталған Астана қаласы барлық жағынан шапшаң жылдамдықпен дамып келеді. Әсіресе бұл қаланың инфрақұрылымына қатысты. Он бес жылдың ішінде шағын қала әлемдік маңызы бар тамаша мәдени және экономикалық орталыққа айналды.

Директор ұжымды айтулы мерекемен құттықтап, барлық қызметкерлерге денсаулық, игілікті істер мен бақыт тіледі.

Содан кейін ұйымдастыру-әдістемелік бөлімнің дәрігері Е.Т.Төлеу Астананың бүгінгі келбеті мен маңыздылығы туралы баяндама жасады.

Астана Тәуелсіз Қазақстанның ең көлемді жобасы болып табылатын Халықаралық мамандандырылған ЭКСПО-2017 көрмесі өтетін орын ретінде таңдалды.