Аталған көрмені өткізу еліміздің беделін арттырып, экономиканың дамуына ықпал етеді, сонымен қатар қазіргі ең өзекті тақырыптардың бірі – «Болашақ энергиясы» туралы айтылады. Бұдан алған әсерді әртүрлі деңгейде көруге болады. Сонымен, Астанада өтіп жатқан EХРО-2017 көрмесі ең үздік әлемдік энергия сақтау технологиясын, күн, жел, теңіз, мұхит және термалды су тәрізді баламалы энергия көздерін пайдалануда жаңа әзірлемелер мен технологияны пайдалануға мүмкіндік береді.

Қалалық кардиология орталығының қызметкерлерінің біразы Медицина күніне орай халықаралық мамандандырылған көрмені көру құрметіне ие болған еді. Соған орай 07 маусым мен 17 тамыз аралығында Астана қаласына EХРО-2017 көрмесін тамашалау жоспарланған.

Көрмеде олар әртүрлі елдердің болашақ энергияға қатысты экспонаттарымен танысты. Қазақстанның «Нұр Әлем» кешенінде орналасқан көрмесін көрудің өзі бір бақыт, алған әсеріміз шексіз. Әрбір павильон өзінше қызықты. Көрмеге келушілерді әр елдің өзі ойлап тапқан жаңа технологиялары, жабдықтары, көлік тасымалы және қызмет көрсету жүйелері, қала құрылысы мен сәулет өнері саласында алдыңғы қатарлы әзірленімдері қызықтырады.

Осының барлығы EХРО-2017 халықаралық мамандандырылған көрме туралы тамаша естелік қалдырды. Қызметкерлердің пікірі бойынша, көрмені естіп қана қоймай, керемет танымдық дүниелер алу үшін міндетті түрде көру қажет.