Қалалық кардиология орталығының базасында Алматы қ. СПИД орталығы мамандары ВИЧ-инфекциясы, оның алдын алу бойынша семинар өткізді.

Қазақстанның оңтүстік астанасы Париж, Амстердам, Брюссель, Женева, Майами, Сан-Франциско, Вашингтон, Бангкок, Мельбурн, Дели, Одесса және басқа да қалалар сияқты ВИЧ-инфекциясымен белсенді күресетін әлем қалаларының дүниежүзілік қозғалысына қосылатын Орталық Азиядағы бірінші мегаполис болып табылады.

Алматы қ. әкімі Б.Байбек 2017 жылы 20 шілдеде ВИЧ-инфекциясы бойынша Париж декларациясына қол қойды.

Алғашқы рет Париж декларациясы 2014 жылы 01 желтоқсанда - Дүниежүзілік СПИДпен күрес күні қабылданды. Әлемнің әртүрлі елдерінен жиналған Әкімдер осы қалаларда СПИД дертін түбегейлі жою туралы декларацияға қол қою үшін Парижде бас қосты. Париж декларациясына қол қою арқылы әкімдер бірқатар міндеттемелерді жүзеге асыру жолымен СПИД дертін түбегейлі жою шаралары бағдарламасын өз қалаларына жылдамдата енгізуге міндеттенді.

Бұл міндеттемелер СПИД бойынша 90-90-90 мақсатты көрсеткіштеріне қол жеткізуден тұрады:

  • 90% ВИЧ бар адамдар, өздерінің ВИЧ-мәртебесі туралы білетін болады;
  • 90% өздерінің ВИЧ-мәртебесі туралы білетін адамдар антиретровирусты ем алатын болады;
  • 90% ем алған адамдар төмендетілген вирустық жүктеме алады, бұл олардың дені сау болуына мүмкіндік береді және ВИЧ берілу қатерін төмендетеді.

ЮНЭЙДС бағалауынша, шараларды жылдамдату бойынша 90-90-90 мақсатты көрсеткіштерге қол жеткізу әлемдегі 28 миллионға жуық жаңа ВИЧ-инфекциясының және 2030 жылға қарай СПИД салдарынан болатын 21 миллион өлімнің алдын алуға мүмкіндік береді.

Тақырып бойынша сұрақтар қойылып, соңы пікірталасқа ұласты.

Қалалық кардиология орталығының қызметкерлері қала басшылығы қол қойған міндеттемелерді ұстанады.