Алматы қ. Қалалық кардиология орталығында аортокоронарлық шунттау, қақпақшаларды протездеу, қақпақшаларды ауыстыру және протездеу сияқты күрделі оталар жасалады. Сонымен қатар шұғыл интервенциялық кардиология өте жақсы дамыған. Жылына 5 мыңға жуық шұғыл коронарография жасалады және соның 30-40 % жүрекішілік араласумен аяқталады...

Орталықтың директоры Алмат Қодасбаев тұрақты түрде шетелдік әріптестермен ынтымақтастық қарым-қатынас жасайды. Орталықта оның басшылығымен емдеудің халықаралық стандарттары енгізілген. Кардиохирургиялық оталар саны мен спектрі өсіп, жүрек патологиясы терапиясының инновациялық әдістері енгізілді.

«Әрбір осындай күрделі оталарды жасағаннан кейін, тексеру кезінде дертінен айыққан әрбір тұрғынды, біздің әрбір науқасты көргенде мен ләззат аламын. Маған өзімнің мамандығым өте ұнайды», - дейді Орталық директоры Алмат Қодасбаев.

Болашақта кардиохирург қалалық кардиология орталығының жұмысын танымал дамыған әлемдік клиникалардың деңгейіне дейін жеткізуге ниетті. Қазір барлық күш жүрек-қан тамыры ауруларынан болатын өлім-жітімді төмендетуге бағытталған. Біздің кейіпкерлеріміз толығымен өз істеріне берілген, сондықтан олардың кандидатуралары «Қазақстанның 100 жаңа тұлғасы» тізіміне енді,- дейді комиссия мүшелері. «Қазақстанның 100 жаңа тұлғасы» жобасы – бұл біздің кең өлкеміздің барлық өңірлеріндегі адамдардың шынайы өмірінің көрінісі. Олар - қажырлы еңбегі, терең білімі мен таланты арқасында толағай табысқа қолжеткізгендер.

«Біз көптеген үміткерлерді жинадық. Барлығын жан-жақты қарастырып, сайтқа жібереміз. Ағасы қарындасы үшін өз бүйрегін берген оқиғалар да бар. Өз табыстарының жартысын қоғамдық қорға аударған кәсіпкерлер де кездеседі. Республикамызда қайырымды адамдардың көптігі қуантады. Халық лайықты тұлғаларды таңдайды деп ойлаймыз», - деді сараптау тобының мүшесі Дос Көшім.