Астана қаласында 2017 жылдың 1-3 қыркүйегі аралығында XXVII дүниежүзілік кардио-васкулярлық және торакалды хирургтардың конгресі өтті. Осы конгресс посткеңестік кезеңде алғашқы рет өтіп отыр. Әлем бойынша конгресс жұмысына 1300 кардиохирург-дәрігер қатысты. Кардиохирургия, инновация мәселелері және дүние жүзіндегі кардиохирургтар жетістіктері талқыланды.

Алматы қ. Денсаулық сақтау басқармасы ШЖҚ «Қалалық кардиология орталығы» МКК кардиохирургтары конгреске белсенді қатысып, орталық атынан баяндама жасады. Орталықтан жасалған баяндамаға Дүниежүзілік конгресті ұйымдастырушылардың бірі - профессор Francis Ferdinand (АҚШ Ленкенау медиицна орталығының торакалды және жүрек-қан тамыры хирургиясы бөлімінің басшысы, Пенсильвания) жоғары баға берді.