2017 жылы 25 қазан күні ШЖҚ «Қалалық кардиология орталығында» МКК Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы Алмалы ауданы бойынша медицина қызметкерлеріне семинар өткізді.

Баяндаманы жеткізушілер сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы негізгі заңнамаларды, сыбайлас жемқорлық көріністерінің алдын алу, сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының негізгі бағыттары, Сall-центр болуы мен өткізіліп жатқан семинардың маңыздылығын атап өтті.

Сол секілді мемлекеттік мекемедегі қызметтік этика мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы туралы толығымен тоқталды.

Сыбайлас жемқорлық қарсы құқық бұзушылық әкімшілік және қылмыстық жауапкершілікке және сол секілді сыбайлас жемқорлық қарсы құқық бұзушылық жасалып жатқаны үшін хабардар ету жаза түрінде анықталады.

Ең соңында лауазымды қызметтегі тұлғалардың өз кезегінде жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жасағаны үшін бас бостандығынан айырылып жазаланғаны туралы видеороликтер көрсетілді.

Баяндаушылар аталған барлық сұраққа жауап берді.