Алматы қаласының Денсаулық сақтау басқармасына қарасты ШЖҚ «Қалалық кардиология орталығының» МКК дәрігерлер 2017 жылдың 24-27 қазан күндері Санк-Петербург қаласындағы (Ресей) Ресей елінің ұлттық кардиологтар конгресінде белсенді түрде ат салысты.

Конгресс барысында кардиологиялық аурулардың қайта қалпына келу, жүрек қан-тамырлар ауруларының емдеу әдістері мен алдын алуы және жаңа медициналық технологиялардың енуі, кардиологияда көрсетілетін көмекті жетілдіру сұрақтары бойынша талқыға салынды. Бұл конгресс ресей кардиологтары мен дәрігерлері үшін ең ауқымды шара болып саналады.

Біздің дәрігерлер науқастарқа жоғары дәрежелі көмек көрсетуі үшін әрдайым өз мамандығы бойынша білімдерін толықтырып, инновациялық ғылыми әдістерді меңгеріп, тәжірибелік дағдыларын жетілдіріп отырады. Ғылыми бағдарламада дәрістер,пленарлық отырыстар,ғылыми симпозиумдер,секциялық отырыстар,стенттік баяндамалар, жас ғалымдар конкурсы және тәжірибе алмастыру үшін дәрігерлер мектебіп болды.