Алмалы ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласының бір жылдығына орай М.Тынышбаев атындағы Қазақ көлік және коммуникация академиясында «Рухани жаңғыру – Елбасы таңдауы, қоғамның қолдауы» атты «дөңгелек үстел» ұйымдастырылды.

Алмалы ауданы әкімінің орынбасары Айнұр Бекжанова «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында аудан аумағында атқарылған жұмыстар туралы баяндап, шараны ашып берді.

Кейін сөз алған Алматы қалалық Кардиологиялық орталығының бас дәрігері, «Қазақстандағы 100 жаңа есім» жобасының жеңімпазы Алмат Қодасбаев, «Қыран» қоғамдық қорының атқарушы директоры Бағдат Мүптекеқызы, «Ахыска» түрік этномәдени бірлестігі төрағасының орынбасары Қазақбай Қасымов, «Нұр Отан» партиясы Алматы қалалық филиалы «Жас Отан» жастар қанатының төрағасы Дулат Қасымов және академия профессорлары «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында жүзеге асырылып жатқан шаралар туралы айтып, жастарды өз елін, туған жерін сүюге шақырды.

Шара соңында студент жастар да өз пікірлерін білдіріп, «Рухани жаңғыру» бағдарламасының маңыздылығын сөз етті.