Кеше 11.07.2018 ж. сәрсенбінің сәтінде Алматы қалалық кардиология орталығында(орталық директоры — белгілі кардиолог хирург, есімі Қазақстанға танымал 100 тұлға қатарына енген республикаға кеңінен танымал азамат Алмат Қодасбаев) жұбайым Шолпангүл Әбдікерімқызы Кенебайдың жүрегіне 47 жылдан кейін ота жасалды(осыдан 47 жыл бұрын оның жүрегіне ота жасалғаны белгілі).

Бұл жолғы ота бес сағаттай жасалды. Ота жасаушы елімізге танымал белгілі кардиолог хирургтер: Арыстан Сейдалин, Ғалымжан Саржанов және т.б. адам жанының нағыз арашашылары болғанын баса айтқым. Бұл жолғы отада жұбайымның жүрегіндегі клапан ауыстырылған болатын.

Бұл ота және кардиолгия саласынды қазақ ғылымның жеткен жетістігі туралы егжей-тегжейлі өзекті әңгіме алдағы уақыттардың бірінде болатынын және «Қазақ әдебиеті» газеті мен www.takqy.kz және т.б. мерзімді басылымдар мен порталдарда жарияланатынын сіздердің естеріңізге салғым келеді.

Бұл ақпараттың соңында жоғарыда есімдері құрметпен аталған және болашақта қалған есімдер де тұтастай аталатын кардиолог хирургтерге шын жүрегімнен шексіз алғысымды жеткізгім келеді!

Қазақ деген қасиетті ұлтымыздың зор мәртебесі үшін аман болыңдар, бар болыңдар, шын мәніндегі «адам жанының арашасысы» атағын жоғары деңгейде ұстай беріңдер, асыл жандар!

Құрметпен, Жұмаш Кенебай(Көкбөрі), Қазақ телевизиясының ардагері, «Қазақ журналистикасының қайраткері»