Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық басқармасы бекіткен кестеге сәйкес Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық басқармасының басшысы Н.Б.Табынбаевтың және бақылау кеңесінің төрағасы Ж. Б. Бижігітовтің қатысуымен ШЖҚ "Қалалық кардиологиялық орталық" МКК-ның 2020 жылғы қызметінің қорытындысы бойынша директор А. Т. Кодасбаевтың есебі тыңдалды.

Онлайн режимде өткен есеп беру жиынына С.Ж. Асфендияров ҚазҰМУ, ҚРМУ, ЖМК кафедраларының ұжымы, Орталық қызметкерлері қатысты.

Директор өз есебінде Орталықтың жетістіктері, жұмыс нәтижелері, проблемалар, алдағы кезеңдегі жұмыстың негізгі бағыттары туралы егжей-тегжейлі айтып берді.

Бүгінгі күні клиниканың халықаралық ынтымақтастығы кеңінен дамуда.

Оңтүстік Корея клиникаларымен ынтымақтастық туралы жасалған Меморандумдарға сәйкес 2017 жылдан бері 21 қызметкер білімін жетілдірді. 2019 жылдан бастап Орталық Литва денсаулық ғылымдары университетімен белсенді түрде жұмыс жасап келеді, профессор Р. Бенетистің қатысуымен шеберлік сағаттары өткізілді. Баяндамашы Орталыққа енгізілген инновациялар, өткізілген шеберлік сағаттарына егжей-тегжейлі тоқталды.

Кадрлармен жасақталуы бұрынғы деңгейде, шамамен 100%, ұжым тұрақты.

2020 жылы емделген жағдайлардың саны, ауруханалық өлім азайды. Жалпы, төсек қорының жұмыс көрсеткіштері жақсарды.

Орталықта кардиологиялық және кардиохирургиялық бейіндегі шетел азаматтарын емдеу үшін барлық жағдай жасалған. Медициналық туризм бойынша соңғы 3 жылда әлемнің 42 елінен 366 пациент емделді.

Жалақы қоры ұлғайды, қызметкерлердің кірістері негізінен сараланған еңбекақы есебінен өсті.

Жіті миокард инфарктісі кезінде медициналық көмек көрсетудің интеграцияланған моделін енгізу жөніндегі Жол картасын іске асыру мақсатындағы жұмыстың негізгі бағыттары жақын және алыс шетелдердің клиникалық базалары мен мамандарын тарта отырып, мамандарды жүйелі оқыту және кәсіби деңгейін арттыру, халықаралық, республикалық ынтымақтастықты кеңейту болып табылады.

Сұрақтар қойылып, толық жауаптар берілді.

Есеп беру жиынына қатысушылар Орталықтың жұмысына қанағаттанарлық деген баға берді.