2016 жылғы 14 қаңтарда Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылған күні 1 наурызды елімізде «Алғыс айту күні» деп жариялап, № 173 Жарлыққа қол қойған болатын. Содан бері елімізде 1 наурыз - «Алғыс айту күні» болып атап өтілуде.

Алғыс айту күні – еліміздің барлық азаматттарының бір-біріне құрмет білдіретін күні. Осыған орай Қалалық кардиология орталығының ұжымы 1985 жылдан бері үздіксіз жұмыс істеп келе жатқан абзал ардагер, денсаулық сақтау ісінің үздігі, функционалды диагностика бөлімінің жоғары санатты дәрігері, ұзақ жылдар функционалды диагностика бөлімін басқарған Шипулин Владимир Григорьевичке көп жылғы баға жетпес еңбегі үшін зор АЛҒЫС білдіре отырып, құрметті демалысына шығарып салды.

Күнделікті жоспарлы жиынға онлайн-режимде қосылып отырған әріптестері В.Г. Шипулиннің даналығы, мол тәжірибесі, білімі мен жоғары біліктілігі барлық жас мамандарға үлгі болғанын, кез келген сәтте өз әріптестерінен көмегін аямағанын жарыса айтып, өз алғыстарын білдірді.

Орталық ұжымы мен кәсіподақ комитеті құрметті азаматқа гүл шоғымен қоса, мадақтама және «Көктем» шипажайына жолдама ұсынды.