Алғыс айту күні Қалалық кардиология орталығының мамандары және резидент-дәрігерлер Орталық директоры А.Қодасбаевтың басшылығымен «Шаңырақ» әлеуметтік-қызмет орталығына барып, жүрек ауруы бар қарттарға медициналық кеңестер берді. Егде жастағы адамдарға электрокардиограмма жасалды, қандағы қант деңгейі тексеріліп, емделуге ұсыныстар берілді. Кеңеске жүгінгендердің саны – 32.

Қарттар алған кеңестері мен көрсетілген қызметтер үшін дән риза болды. Үлкенге құрмет көрсету – әрбір жастың парызы. Қарттарымызға кішкене болса да қуаныш сыйлап, демеу көрсете алғанымызға, олардың көңілінен шыға алғанымызға қуаныштымыз.

Қарты бар ел – қазыналы ел. Бізге осындай бейбіт өмір сыйлағын қарттарымыз аман болсын!