Бүгін Қалалық кардиология орталығында 1 желтоқсан – Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті күніне арналған салтанатты онлайн-жиын өтті. Жиын Елбасына арналған бейнебаяннан басталды, әрі қарай Орталықтың директоры Қодасбаев Алмат

Тұрысбекұлы өзінің құттықтауымен жалғастырды:

Құрметті Орталық ұжымы! Сіздерді атаулы мерекемен шын жүректен құттықтаймын. Қазақ халқы үшін еліміздің тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың орны бөлек. Кемеңгер тұлға, Ұлт Көшбасшысы – Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың Тәуелсіз еліміздің дамуына сіңірген өлшеусіз еңбегі мен көреген саясатының арқасында еліміз аз уақытта әлемдегі беделді мемлекеттер қатарына қосылды. Егемен ел болудың күрделі құрылысын басқарып, жаңа да жас мемлекеттің іргесін қалыптастырған Елбасы әлемдік саясат ауқымына «Қазақстандық даму моделі» ұғымын енгізді. «Нұр Отан» партиясының Саяси кеңесінің кеңейтілген отырысында Елбасы жас ұрпаққа арнап «Елдіктің жеті тұғыры» атты қағидаттар жинағын ұсынды.

Онда Елбасы ретінде 30 жылдық еткен еңбегін саралай отырып, жас ұрпаққа берер үлгі-өнеге, өсиетін айтады. Жеті тұғыр: тәуелсіздік, бірлік пен келісім, жер, отбасы мен салт-дәстүр, ұлттық мәдениет, білім мен еңбек, прагматизмге жеке-жеке тоқталып, болашақта жас ұрпаққа бағдар болады деп сенеді.

Мереке қарсаңында барлық ұжымға денсаулық, еңбектеріңізге табыс, отбасыларыңызға амандық, бақыт тілеймін! Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын!

Эльмира Ахатова.